Қоғам

Сатушы мен тұтынушы құқы: заң қабылданып, президентке жіберілді

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуЛогистический и торговый центр "МЕТРО Кэш энд Керри"
Логистический и торговый центр МЕТРО Кэш энд Керри  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңда үш деңгейлі механизмді рет-ретімен қолдану арқылы сот органдарына түсетін жүктемені төмендету көзделеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда тұтынушылардың шағымын қараудың үш деңгейлі механизмі енгізіледі. Сатушы заңбұзушылықтарды өз еркімен жоймаса, әкімшілік жауапқа тартылады. Сенат тиісті түзетулер енгізілген заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қаралды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, заң жобасында шағымдарды қараудың үш деңгейлі механизмі енгізілген.

Бірінші деңгейде сатушының шағымды өз еркімен немесе дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері арқылы қарау көзделеді.

"Осы тетікті заңнамалық түрде бекітудің негізгі мақсаты – тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, моральдық және материалдық залалды "қазір және осында" принципі бойынша қысқа уақытта аз шығынмен өтеу. Бұл ретте тұтынушының қалауымен дау сотқа дейінгі реттеу аясында шешіледі", – деді Сұлтанов.

Екінші деңгейде шағымдар уәкілетті органға жіберіледі. Сатушылар заңбұзушылықтарды өз еркімен жоюдан бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал үшінші деңгей – сотқа шағымдану. Соттар тұтынушы мен сатушы арасында өзара тиімді келісімі жоқ дауларды қарайды.

"Үш деңгейлі механизмді рет-ретімен қолдану сот органдарына түсетін жүктемені төмендетуге алып келеді деп ойлаймыз", – деді министр.

Тұтынушы құқығын қорғау кеңесі құрылады

Сонымен қатар, "бір терезе" қағидатымен шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін құру ұсынылып отыр. Бұл жүйе тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша барлық шараны бір жерде шоғырландыруға, шағымды дайындау және оны құзырлы органдарға жолдау рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ, барлық өтініш пен оларды қарау нәтижелерін цифрландыруға мүмкіндік береді.

Сұлтановтың айтуынша, тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін жүйеде даудың мәніне және қызмет көрсету саласына байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік формасы, сондай-ақ дауларды қарайтын субъектілердің және мемлекеттік органдардың тізімі мен байланыс ақпараттары орналастырылады.

Бұдан бөлек, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылады.

Министр бұл кеңес проблемалық нормативтік-құқықтық актілерді тез арада өзгертуге мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз: Тұтынушыларды қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі

Сонымен қатар, уәкілетті органға мемлекеттік бақылау функциясы беріледі.

Сенат заңды екі оқылымда қабылдады.

Жаңалықтар
0