Өңірлер

Маңғыстауда өзгеше әдіспен пара алған шенеунік видеоға түсірілді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуНаручники на двери клетки для подсудимых
Наручники на двери клетки для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнайлы ауданында бөлім басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында өзгеше әдіспен пара алған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Мұнайлы аудандық әкімдігіне қарасты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алғаны үшін айыпталып отыр. Атап айтқанда, шенеунік өз үйіне асүй жиһазының үстіңгі тақтайы мен оған тіркелетін жуғышты орнатқызған. Құқық қорғаушылар жиһаздың астыңғы жағына "пара" деген белгіні жазып, заңбұзушылықты әшкереледі.

Оқи отырыңыз: Сәпиевтің орынбасарына қатысты тағы бір істің видеосы жарияланды 

"Күдікті өз кінәсін мойындады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді тергеушілер.

Жаңалықтар
0