Әлем

Ресейде коронавирусқа қарсы дәрінің алғашқы легі ауруханаларға жеткізілді

© REUTERS / ANNEGRET HILSEМедработник в маске готовит препараты для пациента
Медработник в маске готовит препараты для пациента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Авифавир" – коронавирусқа қарсы әлемде тіркелген екі дәрінің бірі. Ол клиникалық сынақтарда өзінің тиімділігін дәлелдеді

АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры  мен "ХимРар" компаниялар тобы коронавирусқа қарсы "Авифавир" дәрісінің алғашқы партиясын ауруханаларға жеткізді, деп хабарлады РИА Новости.  

Дәріні Мәскеу, Ленинград, Новгород, Киров, Нижегород облыстарының, Татарстан Республикасының және Екатеринбургтің емханалары қабылдап алды. Ай соңына дейін ауруханаларға 60 мың "Авиафавира" курсы жеткізіледі.

Қажет болған жағдайда препарат өндірісі жылына екі миллионға дейін артуы мүмкін.

"Авифавир" препаратында Data Matrix-тің сандық коды бар. Таңбалау – бұл препараттың шынайылығына кепілдік беретін және әрбір қаптаманың өндірістен дәріханаға немесе медициналық мекемеге дейін жеткізілуін қадағалауға мүмкіндік жасайтын дәрі-дәрмек паспортына тең.

Ал оның шынайы екенін ұялы телефон арқылы "адал белгі" қосымшасында тексеруге болады.

"Құдай басқа бермесін": вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі 

"Фавипиравира" базасындағы "Авифавир" – коронавирусқа қарсы әлемде тіркелген екі дәрінің бірі. Ол клиникалық сынақтарда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Мамырда дәріні денсаулық сақтау министрлігі тіркеді. Ол дәріханаларда сатылмайды, тек стационарлардағы науқастар үшін қолжетімді болады және оны дәрігердің бақылауымен ғана қолдану керек.

"Авафир" міндетті медициналық сақтандыру аясында ресейліктер үшін тегін болады. Ресейден бөлек дәріге оннан астам ел тапсырыс берді.  

Жаңалықтар
0