Қоғам

Бір сөмке ақша: Сәпиевтің орынбасарына қатысты тағы бір істің видеосы жарияланды

© SputnikДеньги, взятка, коррупция
Деньги, взятка, коррупция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Риддер қаласындағы мектеп-интернаттың оқу корпусын салу кезінде жымқырылған 380 миллион теңге бюджет қаражатына қатысты іс бойынша тағы екі адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларына қатысты істі тергеу барысында тағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, екі апта бұрын тергеушілер мәдениет және спорт министрлігіне қарасты комитет төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары қамауға алынғанын жариялаған болатын.

Олар Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінің 300 орындық оқу корпусын салу кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ақшаны мердігердің есепшотына аударған.

Оқи отырыңыз: Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адамның ұсталғанын хабарлады.

"Бұрын осы нысанның құрылысымен айналысқан қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы және оның танысы кәсіпорын басшыларының біреуін қылмыстық істі тоқтату үшін 40 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелеген. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады", – дейді тергеушілер.

Құқық қорғаушылар лауазымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан ер адамның қара сөмкені тастай салғанын көруге болады. Осы кезде тәртіп сақшылар жетіп келген, сөмкені ашса, іші ақшаға лық толы екен. 

Жаңалықтар
0