Оқиға

Нұр-Сұлтан маңындағы демалыс базасы өртеніп жатыр - видео

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуПожар, архивное фото
Пожар, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда өрт әлі сөндірілмеді. Төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтаннан 20 минуттық жерде орналасқан Жібек Жолы елді мекеніндегі демалыс орталығынан өрт шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"10 маусымда сағат 15.41-де Жібек Жолы елді мекеніндегі Аstana Resort демалыс аймағында асханадан өрт шықты. Өрт әлі сөндірілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.  

Қазіргі таңда өрттің аумағы мен себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды 

Демалыс орталығы Қарағанды ​​тас жолының бойында, Ақмола облысының Жібек Жолы елді мекенінде орналасқан. Желідегі фотосуреттерге қарағанда, қонақ үйлердің көбісі ағаштан жасалған.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің төрт қызметкері мен бір техникасы оқиға орнына аттанды.

Сондай-ақ өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз қызметкері мен екі көлігі жіберілді.

Жаңалықтар
0