Экономика

Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Премьер-министрі Асқар Мамин көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Ол автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады үкімет басшысының сайты.

Отырыста жолаушылар вагондарын шығару, теміржол инфрақұрылымын және жалпы Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Оқи отырыңыз: Жыл соңына дейін Қазақстанда тағы тоғыз жол ақылы болады 

Атап айтқанда, әкімшілік кедергілерді азайту, тарифтік саясатты оңтайландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, контейнерлік сервисті арттыру, оның ішінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыру арқылы қазақстандық темір жол транзиттік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.

"Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамыту және оның контейнерлік тасымалдардың жаһандық нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет", — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы осы жылға жоспарланған автожол саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ автомобиль жолдарына ақы төлеу жүйесін енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар қаладағы жолаушылар тасымалын дамыту, Еуразиялық экономикалық одақта көлікте навигациялық пломбаларды пайдалану және тағы басқа мәселелер бойынша шаралар кешенін қарастырды.

Жаңалықтар
0