Өңірлер

Алматыда карантин кезінде жүргізілген зерттеу нәтижесі экологтарды таңғалдырды

© Sputnik / Тимур БатыршинСмог над Алматы
Смог над Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын Алматы ауасын көлік түтіні ластайды деп есептеліп келді, дегенмен карантин кезінде жылу электр орталықтарының да экологияға әсері орасан зор екені анықталды

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталығы қаланың ластануына айтарлықтай әсер етеді. Осы мәселеге қатысты жаңа деректерді Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев есеп беру кездесуінде жариялады.

Оның айтуынша, Алматының экологиялық жағдайы министрліктің ерекше бақылауына алынған.

"Қаланың экологиялық жағдайы, өкінішке қарай, жақсармай тұр. Соңғы бірнеше айда біз қызықты деректерге қол жеткіздік. Алматыда карантин басталған кезде жағдайды пайдаланып, тұрақты бақылау жүргіздік", - деді министр.

Мамандар карантинге дейінгі кезең мен карантин енгізілгеннен кейінгі сәтті салыстырды.   

"Біріншіден, бұған дейін жылу электр орталықтарының әсері соншалықты үлкен деп ойламадық. Ашығын айтқанда, барлығын автокөліктің әсері деп түсіндік. Алайда карантин барысында қаланың төменгі бөлігі, атап айтқанда, Боралдай ауданынан Төле би көшесіне дейін, Сейфуллин көшесіне дейінгі қозғалыс, бәрі ЖЭО-2 ықпалындағы аймақ екенін көрдік", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма?

Сонымен қатар Алматы облысында орналасқан ЖЭО-3 те қала экологиясына айтарлықтай әсер ететіні анықталды.

"Біз бұрын Алматы облысының аймағындағы ЖЭО-3 орталығының Алматыға қалай әсер ететінін назарға алмадық. Түркісіб ауданы, әуежайдың ауданы мен Талғар ауданы – бәрі ЖЭО-3 ықпалындағы аймақ. Осылайша, қазір ауаның ластануына шамамен 52% – автокөлік, 48% – жылу электр орталығы әсер етеді деп ойлаймыз", - деп толықтырды Мырзағалиев.  

Сондай-ақ, Алматы облысындағы газ тартылмаған жеке секторлар да қалаға айтарлықтай әсер ететіні белгілі болды.

Жаңалықтар
0