Қоғам

Қазақстанда бейсенбіде 41 градусқа дейін ыстық болады

© Sputnik / Алехандро Мартинез Велез / Медиабанкке өтуМолодой человек купается в фонтане
Молодой человек купается в фонтане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың бірнеше өңірінде шаңды дауыл, аптап ыстық болып, жел күшейеді деп болжанып отырғандықтан дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. 11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Дабылды ескерту

Бейсенбі, 11 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Күндіз 35-38 градус ыстық болады.

Қызылорда облысында 11 маусымда шаңды дауыл соғады, қатты жел тұрады – 15-20 м/с.    

Маңғыстау облысында 11 маусымда күндіз аптап ыстық болады, 38-41 градус.

Ақтөбе облысында сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтеріледі.

11-12 маусым күндіз Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында + 35 градус ыстық болады.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.  

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым аумағында, Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градус ыстық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы 13-15 градус, күндіз 23-25 ​​градус жылы болады.

Шымкентте түнде 14-16 градус, күндіз 30-32 градус ыстық болады.  

Жаңалықтар
0