Оқиға

Нұр-Сұлтанда адвокат адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

© AP Photo / Moises CastilloКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Егер сот оны кінәлі деп тапса, сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елордалық адвокат Құмар Бердалин адам өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер Құмар Бердалинді 3 маусымда ұстады.

Адвокат Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Бұл бап сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп нақтылады полиция департаменті.

Тағы оқыңыз: Алматыда белгілі адвокат Омарованың көлігі өртеніп кетті

"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мәліметтері жария етілмейді", - делінген хабарламада.

2016 жылы жарияланған материалдарға қарағанда Бердалин бұған дейін бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі болған.

Жаңалықтар
0