Қоғам

Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топ мүшелері қандай көмек көрсеткенін айтты

© AFP 2024 / CHRISTOPHE SIMONАрнайы операция
Арнайы операция  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық топ мүшелері сотқа дейінгі тергеу кезінде кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге дайын екенін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Алматы қаласында және Алматы облысында ұсталған екі қылмыстық топтың мүшелерінен қосымша қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 27 мамырда ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен еді.

Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 11 дана әртүрлі қару түрі мен 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК (@knbgovkz)

"Қылмыстық топ мүшелері сотқа дейінгі тергеу процесінде кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге дайын екенін айтты. Бұдан бөлек, екі күдікті бұрын жасырылған атыс қаруы мен олардың оқ-дәрісін өз еркімен беру туралы өтініш білдірді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

Нәтижесінде 1 маусымда Алматы облысының Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданында патрондары бар "Калашников" автоматы, "Сайга-410" қылмыстық кесінді карабині мен аңшы мылтығы табылып алынды. 

Жедел тергеу шаралары жалғасуда.

Жаңалықтар
0