Экономика

"Теңгенің айырбас бағамына қысым жасалады": Ұлттық банк болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, валюта, тенге, доллар
Деньги, валюта, тенге, доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір елдер ОПЕК+ келісімін дұрыс орындамайды деген қауіп бар. АҚШ пен Қытай арасында сауда-экономикалық қатынастар нашарлайды деген болжам жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі елдің қаржы жағдайына арналған болжамды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Банк таратқан мәліметке сәйкес, осы жылы мамыр-маусым айларында карантин шаралары бірте-бірте жеңілдесе де, шектеулердің теріс ықпалы сақталып отыр, экономикалық белсенділік баяулады. Сәуірде жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген адамдардың саны бір мезгілде ұлғайған, ал жалақының өсу көрсеткіші күрт төмендеп кетті. Биыл ішкі жалпы өнім 1,8 процентке қысқарады деген болжам бар.

"Consensus Economics болжамдарына сәйкес, 2020 жылы ЕО экономикасы 7,7%-ке, Ресейде 4,1%-ке қысқарады, Қытай экономикасы 1,4%-ке дейін баяулайды. 2021 жылы барлық серіктес елде көрсеткіштер күрт қалпына келеді деп болжануда, атап айтқанда, ЕО экономикасы 6,2%-ке, Ресей экономикасы 3,8%-ке, Қытай экономикасы 8,1%-ке өседі", - делінген банктің ресми хабарламасында.

Мұнай нарығы біртіндеп жақсарып келеді. Дегенмен, баға әлі де төмен, ал қазіргі динамика тұрақсыз болып тұр. 1 мамырда ОПЕК+ келісімі күшіне енді. Өткен демалыс күндері ұйымға мүше мемлекеттер қысқартылатын мұнайдың алғашқы көлемін шілденің соңына дейін ұзартуға келісті. Алайда кейбір елдер ОПЕК+ келісімін дұрыс орындамайды деген қауіп бар. Бұдан бөлек, АҚШ пен Қытай арасында сауда-экономикалық қатынастар нашарлайды деген болжам жасалып отыр. Бұның барлығы қазіргі жағдайға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Қазіргі алдын ала бағалау бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында төлем балансының ағымдағы шоты 1,2 миллиард АҚШ доллары сомасында профицитпен қалыптасты.

Оқи отырыңыз: Теңге бағамы қалай өзгереді – сарапшылар болжам жасады 

"Мұнай мен металл өндіру көлемі азайды, бағасы да төмендеген. Әлемдегі экономикалық белсенділік баяулағаннан кейін Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарларына сұраныс азайды. Ағымдағы шот тапшылығының күшеюі теңгенің айырбас бағамына айтарлықтай қысым жасайды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк алдағы жағдай болжам бойынша дамыса, ақша-кредит талаптарын жеңілдету мәселесін қарастыратынын да хабарлады.

Жаңалықтар
0