Өңірлер

Таразда түлектер кортежіне қатысқан жүргізушілер жазаланды

© Polisia.kzКортеж выпускников
Кортеж выпускников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір емес бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылған жүргізушілер құжатсыз көлік тізгіндеп, жолдың қарсы бағытына шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Тараздық полицейлер мектеп түлектері үшін кортеж ұйымдастырған азаматтарды анықтап, үш жүргізушіге 9 әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Өңірде 1 маусымнан бері арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның нәтижесінде мектеп бітіруші түлектер өткізген шараларға қатысқан жүргізушілердің заңға қайшы бірнеше әрекеті әшкереленді. Үш жүргізушіге 9 хаттама толтырылды", – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, "ВАЗ 21144" маркалы көлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің үш бабы бойынша (596-баптың 6-бөлігі (жолдың қарсы бағытына шығу), 612-баптың 4-бөлігі (жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу), 590-баптың 9-бөлімі (техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқару) жауапкершілікке тартылған.

Ал "Мерседес Гелендваген" көлігінің тізгінін ұстаған қала тұрғынының әрекеті аталған кодекстің төрт бабына (596-баптың 1-бөлімі (жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегімен немесе тротуармен қозғалыс), (593-баптың 2-бөлімі (қауіпсіздік белбеуін пайдалану ережесін сақтамау), 590-баптың 3 және 4-бөліміне (көлікке жалған мемлекеттік нөмір орнату және көлікті жүргізу) қайшы деп танылған.

Оқи отырыңыз: Министр биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсыратынын айтты

Сол сияқты "Мерседес Кабриолет" көлігінің иесі аталған кодекстің екі бабын (602-баптың 1-бөлімі (көліктің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережесін), 615-баптың 1-бөлімі (жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы ережелерінің талабын орындамау) бұзған.

Жаңалықтар
0