Қоғам

Бас санитар дәрігер немерелеріне қандай вакцина салынғанын айтты  

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуВакцинация против гриппа
Вакцинация против гриппа  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айжан Есмағамбетова екі немересі де өздері тіркелген емханада екпенің бәрін алғанын, ешқандай арнайы вакцина салынбағанын атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өз балаларына және немерелеріне қандай екпе салынғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің екі балам бар. Оларға кеңес заманында екпе салған болатын. Ол кезде вакцина саламыз ба, жоқ па деген ой болған жоқ қой. Бәрі тәртіп бойынша жасалды. Мен өзім өкінбеймін, себебі бертін келе, бірнеше рет инфекция өршіді. Менің балаларым ауырған жоқ", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде бір немересі екіде, ал екіншісі бірге келген. Дәл қазір оларға он бір вакцина салынуы қажет.

"Екеуі де екпенің бәрін алды. Сосын басқа бір жерде емес, өздері тіркелген емханаға барды. Бізге арнайы екпе салынған жоқ. Барлығына бірдей вакцина болды", - деп атап өтті Есмағамбетова.

Осы орайда бас санитар өзінің жиені жайында айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, туған сіңлісінің жалғыз баласы сал ауруына шалдыққан. Шала туған балаға бірден екпе салынбаған. Алайда диагноз қойылғаннан кейін баланы оңалту мәселесі туындапты. Ондайда емханаға жиі бару керек. Дәл сол кезде қызылша ауруы өршіп кеткен.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады 

"Сонда сіңлім менімен ақылдасып, екпе салуға шешім қабылдады. Біз оған туберкулез, қызылша, қызамық пен паротитке қарсы вакцина салдырттық. Ашығын айтайын, ешқандай теріс реакция болған жоқ. Меніңше, біз дұрыс шешім қабылдадық. Себебі оның негізгі ауруына жаңағы инфекциялар қосылғанда қиын болатын еді", - дейді Есмағамбетова.

Жаңалықтар
0