НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Алматы қаласында тергеу изоляторында отырған жеті адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Олардан ПТР-тестке анализ алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 маусым күні жеті адамның денсаулығы нашарлаған, бірден жедел жәрдем шақырылды.
"Тергеуге алынғандар медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер қарап шығып, қажетті медициналық көмек көрсетті", - делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: "Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, оларда өткір респираторлық вирустық инфекцияның белгілері бар.
Қазір олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің инфекциялық изоляторына орналастырылды. Барлығынан ПТР-тестке анализ алынды.
Комитет бәрінің жағдайы қанағаттанарлық деп сендіріп отыр.