НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Екі салмақ бойынша UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор кезекті рет мансабын аяқтайтынан мәлімдеді.
"Жігіттер, мен күрескерлік мансабымды аяқтауға шешім қабылдадым. Таңғажайып естеліктер үшін баршаңызға рахмет! Бұл қандай жол болды! Міне, мынау чемпиондық атақ үшін Лас-Вегастағы кезекті жекпе-жектен кейін анам екеуміз түскен сурет", – деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Hey guys I’ve decided to retire from fighting.
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) June 7, 2020
Thank you all for the amazing memories! What a ride it’s been!
Here is a picture of myself and my mother in Las Vegas post one of my World title wins!
Pick the home of your dreams Mags I love you!
Whatever you desire it’s yours ❤️ pic.twitter.com/Dh4ijsZacZ
Бұған дейін UFC президенті Дан Уайттың Макгрегорға чемпиондық жекпе-жек ұйымдастыруға уәде бергені туралы хабарланған болатын. Ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасады деп күтілген.
Айта кетейік, Конор Дональд Серронды жеңгеннен кейін бір жыл өткен соң жекпе-жекке қайта оралды.
Оқи отырыңыз: Спорт министрлігі Қазақстандағы спорт шараларын тоқтатқан жоқ
Осыдан кейін ол көптеген жекпе-жекке шақырту алып, өзі де UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы Джастин Гэтжимен кездесу өткізгісі келетінін жария еткен.