НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Атырау облыстық ауруханасында жанармай құю бекетіндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Оның денесінің 90%-ін күйік шалған, деп хабарлады "Ақ Жайық" өңірлік басылымы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Марқұм – 34 жастағы газ құю автоцистернасының жүргізушісі, Құрманғазы ауданының тұрғыны.
Ер адамның артында төрт баласы қалды. Әйелі бесіншісіне жүкті. Отбасы қалада үй жалдап тұрады, дейді марқұмның әріптестері.
Оқи отырыңыз: Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды
Еске сала кетейік, жарылысқа себеп болған өрт 5 маусымда Атыраудағы автокөліктерге жанармай құю бекетінен шықты. Басылымның мәліметінше, фура жүргізушісінен басқа, май құюшы мен екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған, олар қазір ауруханада.
Сондай-ақ, жарылыс кезінде станциядан 60-70 метр қашықтықта орналасқан ғимарат қирады.