Қоғам

Жүк арасындағы жеңіл көлік: шекарада жүргізушінің заңсыз әрекеті әшкере болды

© Photo : Официальный сайт правительства КРСитуация на кыргызско-казахской границе
Ситуация на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер екі бірдей құжатсыз көлікті Қырғызстанға өткізгісі келген. Бір қызығы, мұндай оқиға апта ішінде екінші рет анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Жамбыл облысының шекарашылары кезекті рет жүк арасына жасырылған автокөлікті әшкереледі, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.

"Айша бибі" бақылап-өткізу бекетінде ағаш материалдары тиелген жүк көлігін тексеру барысында арасына жасырылған екі жеңіл көлікті анықтады. Жүк көлігінің жүргізушісі "Дэу" және "Хюндай" маркалы автомобильді ешбір құжатсыз Қырғызстанға алып өтпек болған", – делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде анықталған автокөліктер Жамбыл облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Айта кетейік, мұндай жағдай аталған өткізу бекетінде осымен екінші рет анықталып отыр.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

Жаңалықтар
0