Экономика

Үкімет басшысы экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия отырысын өткізді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақын күндері Қарағанды облысында Doublestar маркалы автокөлік шинасын өндіру кәсіпорны іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

Үкімет басшысы жетекшілік еткен жиында Қарағанды облысының Саран қаласындағы бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауыты базасында ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру мәселелеріне басымдық берілді.

"Атап айтқанда, Yutong маркалы автобустар мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру жоспарланған. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 22 миллиард теңге. Ал кәсіпорынның жобалық қуатты – жылына 1 200 автобус және 500 бірлік арнайы техника мен арнайы көлікті құрайды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қоса үкімет басшысына жақын күндері Doublestar маркалы автокөлік шинасын өндіру кәсіпорны іске қосылатыны туралы айтылды. Жобаға 56 миллиард теңге инвестиция салынып, жыл сайын жеңіл көлік үшін 3 миллион, ал коммерциялық техникаларға 500 мың шина шығару жоспарланған.

Сонымен қатар резеңке-техникалық бұйымдар зауыты алаңында дайын өндірістік ғимараттар кешені (Ready Built Factory) құрылады. Онда шағын кәсіпкерлер индустриялық жобаларды, оның ішінде құраушы бөлшектер мен компоненттерді өткізетін болады.

Оқи отырыңыз: Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысындағы агрохолдинг инвесторларына мемлекеттік қолдау көрсету мәселелерін қарастырды.

Жаңалықтар
0