НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы Әли Балоев (9-0, 7 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады.
Боксшы Алматыда жергілікті бапкер Қанат Әлтаевтың жетекшілігімен жаттығып жүр. Жаттығу кезінде түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өткен жылы Әли Балоев жарақатына байланысты тек бір жекпе-жек өткізген болатын. Шілдеде төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, жерлес спортшы бразилиялық Хамилтон Вентураны (15-7-1, 13 КО) жеңген болатын.
28 наурызда қазақстандық Алматыдағы бокс кешіне қатысуы тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара өткізілмеді.