Оқиға

Алматылықтардың әрекеті видеоға түсіп қалды - қандай шара қолданылды

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полицейлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылғанын айтты. Көлікте мектеп түлектері болған

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Үш алматылық жүргізуші жауапқа тартылды. Олар жолаушыларға көліктің терезесі мен люгінен шығуға рұқсат берген. Бейнероликті куәгерлер түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. 

© Polisia.kzМектеп түлектерінің кортежі
Алматылықтардың әрекеті видеоға түсіп қалды - қандай шара қолданылды - Sputnik Қазақстан
Мектеп түлектерінің кортежі

Қалалық полицияның ақпаратына сәйкес, үш көліктен құралған кортеж Медеу жаққа бара жатқан. Көлікте мектеп түлектері болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік иелері мемлекеттік тіркеу нөмірлері арқылы анықталды. Полицейлер оларды тауып, әкімшілік кодекстің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартты.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанды шулатқан "қара" кортеж: халықтың ашуына тиген жігіт кешірім сұрады

Олар ірі көлемдегі айыппұлдан төлеуден бөлек, жүргізуші куәлігінен айырылады.

Жаңалықтар
0