НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлады парламенттің жоғары палатасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды
"Сенат төрағасы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған палатаның жұмысына тоқталып, мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.