Қоғам

Әбішев тегін ұялы байланыс пен интернетті кімдер пайдалана алатынын айтты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күресіп жатқан 25 мың дәрігерді тегін ұялы байланыс, тегін мобильді интернетпен қамтуды жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев дәрігерлерге тегін мобильді байланыс пен интернет ұсыну қызметі жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ондай қызмет коронавируспен күрес шараларына атсалысып жатқан медицина қызметкерлері үшін қарастырылған. Біз оны 90 күнге – наурыз, сәуір мен мамыр айына белгілеген болатынбыз. Ол уақыт бітті. Бірақ маусым айы басталса да, ол қызмет тоқтатылған жоқ", - деді Әбішев бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне 850 мың теңгеге дейін үстемеақы төленеді 

Оның айтуынша, қазіргі кезде денсаулық сақтау минстрлігі ұялы байланыс операторларымен, цифрлық даму министрлігімен сөйлесіп, жаңа келісімшарт жасауды көздеп отыр. Осылайша тегін мобильді байланыс пен интернет бастамасы әрі қарай жалғасады.

"Қазіргі кезде коронавируспен күресіп жатқан 25 мың дәрігер үшін белгіленген күндерге тегін ұялы байланыс, тегін мобильді интернет ұсынылады. 20 Гбайтқа дейін беріледі", - деп атап өтті Әбішев.

Жаңалықтар
0