Саясат

Назарбаев партияішілік іріктеу туралы қаулыға қол қойды

© Sputnik / Абзал Калиев"Nur Otan" партиясының маңдайшасы
Nur Otan партиясының маңдайшасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. "Nur Otan" партиясы 17 тамыздан партияішілік іріктеу – праймеризді бастайды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Nur Otan" партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол праймериз партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

"Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау". – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Партияның саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен праймериз өткізу ережесі қабылданды. Ол ертең, 5 маусымда жарияланады.

Айтуынша, праймеризде дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн-дауыс беруді де өткізу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Таяу арада партияішілік іріктеуге қатысуға ниетті азаматтарды оқыту басталады.

"Nur Otan" партиясы праймеризді 30 наурыздан бастауды жоспарлаған еді. Алайда карантинге байланысты мерзімді ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Жаңалықтар
0