Видео

Мен – Джордж Флойдпын: АҚШ-тағы наразылық басқа елдерге тарап кетті - видео

Жазылу
Әлем әлі коронавирусты жеңе алмай жатыр, оған наразылық деген пандемия қосылған секілді. Нәсілшілдік пен полиция бассыздығына қарсы шерулер көптеген елде өтіп жатыр

Әуелі наразылық акциялары афроамерикалық Джордж Флойдың өлімінен кейін Миннеаполисте басталған еді. Аз уақыт ішінде АҚШ-тың көп қаласында өткен шерулер енді басқа елдерге тарап жатыр. Жүздеген адам "Дем жетпей жатыр" және "Әділдік жоқ болса, бейбітшілік те жоқ" деген жазуы бар плакатты қолына алып, Нидерландыда, Испанияда, Аргентинада, Ұлыбританияда және Германияда көшелерге шықты.

Грецияда наразылық білдірушілер Америка елшілігіндегі АҚШ-тың туын өртеп жіберді. Шеру Канада мен Францияда тәртіпсіздікке ұласты. Полицияға көзден жас ағызатын газды пайдалануға тура келді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

Жаңалықтар
0