Қоғам

COVID-2019: Біртанов қайтыс болған 37 адамның неге есепке алынбағанын түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адам басқа аурудан көз жұмып, мәйіттен коронавирус инфекциясы табылса, ондай науқастар індеттен қайтыс болғандардың тізіміне қосылмайды   

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған 37 адамның қайтыс болғаннан кейін есепке алынбауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирустан 48 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, көз жұмған тағы 37 науқастан COVID-2019 табылған болатын. Бірақ олар ресми есепке кірмеген. Себебі ол науқастар ілеспе аурудан қайтыс болды", - деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте.

Минстрдің айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша ондай науқастар тіркеледі. Бірақ коронавирустан қайтыс болғандардың санатына қосылмайды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

"Инфекция тыныс алуды қиындатып, науқас пневмониядан қайтыс болса, коронавирус адам өліміне себеп болды деп саналады. Ал науқас инфарктан көз жұмса, сонымен қатар инфекция да табылса, негізгі диагноз қала береді", - деп атап көрсетті Біртанов.

Есепке кірмегендерді қалай жерлейді?

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев артық қазылған қабірлердің мәселесін түсіндірген болатын.

Әкімнің айтуынша, қазіргі тәртіп бойынша қайтыс болған адамдардың мәйіті коронавирус инфекциясына тексеріледі. Басқа арудан көз жұмған, бірақ ағзасынан коронивирус инфекциясы табылған адамдар арнайы полигонда жерленеді. Олар коронавирустан қайтыс болғандар статистикасына кірмейді. Алайда солармен бірге жерленеді.   

"Бізде жүрек ауруынан, қант диабетінен және басқа да аурулардан қайтыс болғандар бар. Бірақ тәртіп бойынша сот-медициналық сараптама кезінде әрбір мәйіттен коронавирус инфекциясына сынама алынады. Сол кезде вирус шықса, коронавируспен ауырған адамдармен бірге жерленеді. Өйткені мәйітте инфекция бар. Оны басқа зиратта жерлеуге болмайды. Инфекция жұғуы мүмкін", – деп түсіндірді Сағынтаев.

Айта кетейік, республика бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 12 мыңнан асты.  

Жаңалықтар
0