НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның жаһандық ауқымдағы экономикалық одаққа айналу мүмкіндігіне қатысты ойын білдірді.
"Біз үшін одақ потенциалының нығая түсуі маңызды. Кооперациялық байланысты дамытып, тауарлар, қызметтер мен жұмыс күшінің ортақ нарығын құрып, одаққа мүше елдердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың арқасында ЕАЭО-ны жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз", - деді Тоқаев ресейлік "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.
Президенттің айтуынша, энергетика мен қаржының ортақ нарығы қалыптасады. Цифрлық әріптестік басым бағыттардың бірі болады.
"Кейде ЕАЭО-да, тіпті, ең жоғары деңгейде қызу пікірталас болады. Бұл ЕАЭО-ны беделді, сәтті одаққа айналдыруға деген ұмтылыстан туындайды. Енжарлық - деградацияның белгісі", - деді Тоқаев.