Аңдатпа

Қазақстанда 4 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМузыкальный фонтан в Нур-Султане
Музыкальный фонтан в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 4-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

4 маусымға жоспарланған шаралар

09.00 – Мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтеді. Шараға 20-ға жуық жеңіл көлік пен 10 мотоцикл қатысып, қала көшелерімен жүріп өтеді. Ұйымдастырушы – "Астана жастары" КММ.

10.00 – Сенаттың пленарлық отырысы.

10.00 – Мемлекеттік рәміздер күніне орай челлендж ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Қазақстанның әнұранын шырқап бастап, өз достарына жалғастыруды ұсынады. Қала тұрғындары мен мемлекеттік мекемелер және ведомствоаралық мекемелер әлеуметтік желілердегі парақшаларда #МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан хештегін пайдалана отырып бейнероликтер жариялайды. Патриоттық рухты нығайтуға арналған роликтер елорда тұрғындарының бірлігін арттырады және мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің көрінісі болып табылады. Акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен өткізіледі.

11.00 – "Халық үміті мен арманының нышаны" тақырыбында мемлекеттік рәміздер күніне арналған дөңгелек үстел (Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы).

5 маусымға жоспарланған шаралар

16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің "Ашық диалог" порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

19.00 – "Дон Паскуале" спектаклінің тікелей көрсетілімі. Шығарманы "Астана опера" театры қояды (Tengrinews TV).

8 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында NQZ (IATA) кодын беруге арналған брифинг өтеді. Шараға азаматтық авиация комитеті мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Аккредитация +7 701 165 1917 нөмірі арқылы жасалады.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады. 

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0