Өңірлер

Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды

© REUTERS / RITZAU SCANPIXМедик в палате интенсивной терапии в госпитале с коронавирусом
Медик в палате интенсивной терапии в госпитале с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспасөз қызметі Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай әкім міндетін уақытша атқаратынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Теміртау әкімі коронавирус жұқтырды. Қазіргі уақытта үйінде емделіп жатыр, денсаулығына шағымы жоқ. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

"Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің коронавирус жұқтырғаны жексенбі күні расталды. Байланыста болғандардың бәрі үй карантиніне алынды. Тест қорытындысы теріс болып шықты", - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай уақытша әкім міндетін атқарады.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың жұмысқа қайта кіріскені хабарланды. Ол вирус расталғанға дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Жаңалықтар
0