НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді.
Мерекені 1 маусымда атап өту туралы шешім Парижде 1949 жылдың қарашасында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінде қабылданды.
Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір білдіруге, қорғауға және білім алуға құқығы бар екенін еске салу.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларация қабылдады.
Оқи отырыңыз: 28 наурыздан бастап балалар автобуста тегін жүреді
Халықаралық құқық деңгейіндегі басты құжат 1989 жылдың 20 қарашасындағы Бала құқықтары туралы конвенция болып саналады. КСРО бұл құжатты 1990 жылдың 13 шілдесінде ратификациялады.
1 маусымда Қазақстанда COVID-19 коронавирусы эпидемиясына байланысты дәстүрлі балалар іс-шаралары өткізілмейді.
Өткен жылдары 1 маусымдағы мерекеге орай қоғамдық көліктерде балалардан жол жүру ақысы алынбады.
Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі барлық жолаушы автобуста тегін жүреді.