Оқиға

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАстанадағы жедел жәрдем автокөлігі
Астанадағы жедел жәрдем автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Исатай ауданы дәрігерлік амбулаториясының екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем бригадасы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылының маңында болған.

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тас жолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.

"Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болған. Олардың барлығы да ажал құшты", - мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы "КамАЗ" рөлінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болғанын нақтылады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0