Қоғам

Күн сайын 200-300 қазақстандық вирус жұқтырады: министр түсініктеме берді

© AFP 2024 / OLIVIER DOULIERYМедик у приемного покоя больницы с коронавирусом ожидает поступления больных
Медик у приемного покоя больницы с коронавирусом ожидает поступления больных - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр жалпы Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. Соңғы айда вирус жұқтыру өсімі орташа есеппен 5 проценттен аспаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов күн сайын вирус жұқтырған 200-300 адамның тіркелуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұл инфекциялық аурудың таралуы, сол себепті, әрине, цифр өседі. Егер таралу қарқыны мен қайтыс болғандар санын қарасақ, бұл жерде әр елде көрсеткіштер әртүрлі. Бізде бірқатар өңірде өсім қарқыны артып отыр, бұл ұйымдасқан ұжымдарда вирус таралып жатқанын білдіреді", - деді Біртанов "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфирде. 

Министр жалпы Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. Соңғы айда вирус жұқтыру өсімі орташа есеппен 5 проценттен аспаған. 

"Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10 мыңнан сәл асады. Алайда өсім қарқыны 3-5 процент шамасында құбылады", - деді ведомство басшысы. 

Айта кетсек, coronavirus2020.kz сайтында індетке шалдыққандардың саны – 9 932. Соның ішінде 5 011 адам дертінен жазылып шыққан, 37 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0