Қоғам

Тоқаев Ақмола облысындағы күн электр станциясын аралап көрді

© Photo : пресс-служба АкордыКасым-Жомарт Токаев посетил солнечную электростанцию
Касым-Жомарт Токаев посетил солнечную электростанцию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Бүгін мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Президент сапары "Hevel Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы "жасыл энергетиканы"дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді.

Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан түбінде 2020 жылдың наурыз айында ірі күн электр станциясы іске қосылады 

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

Жаңалықтар
0