Қоғам

Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

© Sputnik / Владислав ВодневЛюди садятся в междугородний автобус накануне карантина в Нур-Султане
Люди садятся в междугородний автобус накануне карантина в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік жүргізушілері бетперде, қолғаппен қамтамасыз етіліп, адамдар арасында кемі бір метр арақашықтық сақталуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 маусым күні блок бекеттер алынып, 5 маусымнан бастап қалааралық автобустардың жолға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.   

Көлік комитеті төрғасының орынбасары Жәнібек Тайжановтың айтуынша, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 1 маусым күні қалалар арасында блок-бекеттер алынады. Осыған байланысты 5 маусымнан автобус қатынасын қалпына келтіру жұмысы басталады.

"Бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде жолаушыларды тасымалдау ережесі әзірленді. Оған сәйкес, автобустар дезинфекциядан өткізіліп, жолаушылар салонға тек бетпердемен ғана кіргізілетін болады", – деді Тайжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Комитет өкілінің түсіндіруінше, адамдар арасында кемі бір метр арақашықтық сақталуы тиіс. Көлік жүргізушілері бетперде, қолғаппен қамтамасыз етілуі шарт. Ал әкімдіктер болса, бақылау шараларын жүргізеді.

Оқи отырыңыз: "Жаман сөздің бәрін біз естиміз": Нұр-Сұлтанда автобус айдайтын көпбалалы ананың әңгімесі

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде елімізде 313 халықаралық маршрут қызмет көрсетеді. Осы бағыттарда 88 тасымдалдаушы компания жұмыс істейді. Оларда барлығы 610 автобус бар.

Айта кетейік, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов блок бекеттерді алып тастағаннан кейін жеке көлікпен де шығуға болатынын жеткізді.

"Блок бекеттерді алып тастаса, қалааралық автобустарға ғана емес, жеке көлікпен де шығуға рұқсат бар. Яғни, пойыздар да, автобустар да шығады. Жеке көлікпен де жүруге болады", – деп атап көрсетті Байғабылов.

Жаңалықтар
0