НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті.
Алдын ала болжам бойынша сепсис диагнозы болуы мүмкін, деп жазады "Костанайские новости". Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.
Ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған.
Басылым әртіс карьерасын Рудный қаласындағы "Юность" цирк студиясында бастағанын жазады. Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсті.
Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған.
Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екені айтылды.
Тағы оқыңыз: Цирк әртісі сахнадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетті
Қытай клиникасындағы реанимациялық палатада бір күн жату 1 500 доллар. Қазақстандық қытайлық циркпен келісімшарт жасасқан. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді. Клиникадағы 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен.
Ер адамның ата-анасы пәтерін сатты. Дегенмен бұл қаражат та жетпеген. Туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.