Әлем

АҚШ-тағы тақтатас мұнайының келешегі қандай?

© AP Photo / Sue OgrockiНефтедобыча
Нефтедобыча - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалықтар мұнай өндірісінің рекордтық құлдырауының алдында тұр. Елдегі газ және мұнай бұрғылау қондырғыларының саны тарихтағы ең төменгі көрсеткішке жетті

Тіпті, компаниялар банкротқа ұшырап, қызметін тоқтатуға жаппай арыз беріп жатыр. Мұның салдарынан АҚШ тақтатас өндірісінің үштен бір бөлігін жоғалтуы мүмкін. Ал оның қалпына келуіне көп уақыт керек, деп жазады РИА Новости.

Тақтатас мұнайының көмегімен 2019 жылы Ресей мен Сауд Арабиясын басып озған америкалықтар мұнай өндіруде көшбасшы болды. АҚШ 70 жыл ішінде алғаш рет қара алтынның таза экспорттаушысына айналды.

Обустроенная скважина на нефтяном месторождении Тенгиз - Sputnik Қазақстан
Тақтатас өндірісі тізерлеп тұр: мұнай бағасының құбылуын британдық басылым қалай бағалады
"Мұнай өнеркәсібі тосын сыйлар жасауға қабілетті – тақтатас төңкерісі мұнай бағасын, өндіріс пен сауда ағындарын түбегейлі өзгертті", – деді кіші Джордж Буштың президент кезінде энергетика жөніндегі кеңесшісі болған және Rapidan Energy консалтингтік компаниясының басшысы Боб Макнелли.

Дегенмен, тақтатас өндірісі күрт баяулайды деп болжанды: ұңғымалардың сарқылуы мен инфрақұрылымға жұмсалған үлкен шығындар және инвестициялардың жетіспеушілігі есебінен рекордтық көрсеткіш үшін олардың төлеуіне тура келді.

Мұндай күрделі мәселелер 2021 жылы туындайды деп күтілгенімен, жағдайды коронавирус пандемиясы мерзімінен бұрын ушықтырып жіберді. Энергия тасымалдаушыларға сұраныс төмендеп, мұнай бағалары құлдырады. Инвестициялардың жетіспеушілігін алғаш сезініп, қарызға батқандар да осы тақтатас өндірісінің жұмысшылары болды.

Мамыр айының соңында мұнай-газ саласындағы Baker Hughes сервистік компаниясы АҚШ-тағы белсенді мұнай және газ қондырғыларының саны бүкіл бұрғылау тарихындағы ең төменгі деңгейге дейін азайғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде 318 бұрғылау қондырғысы қызмет етсе, бір жыл бұрын олардың саны 983 болған.

ShaleProfile Analytics болжамына сәйкес, АҚШ тақтатас мұнайының үштен бір бөлігін есепке алмайды.

Заседание ОПЕК в Вене - Sputnik Қазақстан
Экономика
ОПЕК+ келісімінің нәтижесі: Қазақстан қандай бағыт ұстанды
Дағдарыс бұл саладағы басты проблемалардың бірі – технологиялық сипатына байланысты ұңғымалардың тез сарқылуын ушықтырып жіберді. Көп ұзамай тақтатас кен орындарын бұрғылау аяқталғаннан кейін өндіріс құлдырайды да, бұрынғы өнімділік туралы сөз болмайды. Мұның орнын толтыру үшін үнемі жаңа ұңғымалар қажет. Бірақ қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес: өйткені компаниялар жаппай банкротқа ұшырап жатыр.

Haynes & Boone мәліметінше, жыл басынан бері 17 өндіруші шамамен 14 миллиард доллар қарызы бар банкроттық туралы іс қозғады. Олардың қатарында Whiting Petroleum сияқты ірі тақтатас өндірушісі мен California Resources пен Chesapeake Enеrgy сияқты компаниялар да бар. Ал мамыр айының соңына қарай Хьюстондағы Unit компаниясы да банкроттық туралы құжаттарын сотқа жіберді.

Бағаның өсуі тақтатас өндірісін құқарады деп күтілмейді. АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) болжамына сәйкес, 2020 жылы Brent маркасының орташа бағасы 34,13, ал 2021 жылда 45,62 доллар, батыс-техастық WTI биыл 30,10, ал келесі жылы 43,31 болады.

Сарапшылар пікіріне сүйенсек, АҚШ-тағы тақтатас өндірісі күніне бес миллион баррельден төмен түсуі мүмкін. The Wall Street Journal мәліметі бойынша, 15 ірі тақтатас компаниясы жаңа кен орындарын игеру жобаларының бюджетін орташа есеппен 48 пайызға қысқартқан. Пандемиядан туындаған сұраныстың төмендеуі жағдайында олар алдыңғы өндіріс көлеміне орала алмайды.

добыча газ полезные ископаемые сланцы  нефть - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мұнай дағдарысынан кейін газ нарығы қалай өзгереді?
"Бәлкім, олар белгілі бір деңгейге дейін бірнеше жылда көтерілуі мүмкін, егер ол орын алса", – деп жазады басылым.

Осылайша, америкалықтар өздері қиындықпен бағындырған көшбасшылықтан айырылуы мүмкін. Олардың бұған жол бермейтін "құралдары да аз" дейді мамандар.

"Американың биыл бірінші орынды жоғалтуына толық кепілдік бар және ол біз күткеннен де тез іске асуы мүмкін", – дейді Emirates NBD тауар нарығы бойынша сарапшы Эдвард Белл CNBC-ге берген сұхбатында.

"Коронавирус пандемиясы мұнай саласын қиратып, бензин мен авиация  жанармайына және дизельге деген сұраныстың тез және бұрын-соңды болмаған деңгейде төмендеуіне әкелді. Бұған Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы "эпикалық баға соғысы" мен америкалық мұнай компанияларының балансындағы үлкен қарыздарды қосыңыз", – деп атап көрсетеді Bloomberg Intelligence сарапшылары.

Негізгі қауіп Қытайдан келеді, оның әлеуетті экономикасы мен арзан шетелдік активтерге қызығушылығы бар.

Америкалық мұнай кен орындарындағы баррелдің орташа бағасы 60 долларды құраған уақытпен салыстырғанда екі есеге төмендеді: 42 мыңнан 20 мың долларға дейін. Вашингтон құлдыраған энергетикалық секторға Қытайдың басып кіруінен қорқады.

Жаңалықтар
0