Аңдатпа

Қазақстанда 29 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневПара на велопрогулке в центральном парке Нур-Султана после ослабления карантина
Пара на велопрогулке в центральном парке Нур-Султана после ослабления карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 мамыр мен 29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

29 мамырға жоспарланған шаралар

10.00 – "Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе мен басымдықтар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастыратын конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскерлік және ғылыми элитаның өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа да елдердің сарапшылары қатысады.

10.00 - Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында "Қазақстан: тарихи тағылым саясаты" халықаралық on-line-конференция өтеді. Конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрағасы, Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы С.К.Смирнова, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. БАҚ өкілдері baspasoz@qkelisim.kz электронды мекенжайы арқылы тіркеледі. Қосымша ақпарат: +7 747 312 90 95; +7 771 555 44 89; www.assembly.kz. Онлайн қосылу үшін: https://www.facebook.com/assemblykaz/.

2 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 -  Дүниежүзілік банктің "COVID-19 және Орталық Азияның азық-түлік қауіпсіздігі" тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жетекші экономисі Сергий Зоря. Брифинг аясында коронавирус пандемиясының (COVID-19) Орталық Азия мемлекеттерінің ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық-импорттық әлеуетіне ықпал ету мәселелері қаралады. БАҚ-ты тіркеу үшін: +7 701 944 79 08 (WhatsApp, Telegram), email: media@askredpoint.com. Тіркеу кезінде онлайн баспасөз мәслихатына қосылуға болатын бірегей сілтеме жолданады.  

5 маусымға жоспарланған шаралар

16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің "Ашық диалог" порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0