Өңірлер

Сотталушының Шымкенттегі колониядан не үшін қашқаны белгілі болды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуАрхивное фото колонии
Архивное фото колонии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел топ қашқынды табу үшін бір жарым күн жұмсады. Колония жетекшілігіне қатысты тергеу басталғаны айтылды

АЛМАТЫ, 27 мамыр — Sputnik. Шымкенттегі ИЧ 167/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген 36 жастағы ер адам ғашығы үшін колониядан қашты.

Оқиға 22 мамыр күні болған, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ол жазасын өтеп жүргенде әйелмен хат арқылы танысқан. Сотталушы түрмеден қашып кетіп, кездесуге бармақ болған. 

"Жедел топ бірден қашқынды іздеуге кірісті. Полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылды. Бір жарым күннен соң ер адамның Тоғыс ауылында екені анықталды. Түзеу мекемесіне жеткізіліп, изоляторға қамалды", - деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесінің Шымкент қаласындағы департаменті.

Іс материалдары сотқа жіберілген. Колония жетекшілігіне қатысты тергеу басталды.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Жаңалықтар
0