Қоғам

Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды

© Sputnik / Владислав ВодневОператор, архивное фото
Оператор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия кезінде біраз ел білім телеарналарының мүмкіндігін пайдаланған, Қазақстанда да осындай телеарна ашатын уақыт келді, деп есептейді Мұрат Әбенов

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов білім телеарнасын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әбенов төтенше жағдай кезінде көптеген ел цифрлық теңсіздік проблемасымен бетпе-бет келгенін атап өтті. Тұрмысы төмен отбасылар балаларына компьютер сатып әпере алмайды, интернетке қолжетімділік мәселесі тағы бар.

Осы ретте ол әлем елдерінің тәжірибесіне сүйеніп отандық білім телеарнасын ашуды ұсынды.

"Пандемия кезінде біраз ел білім телеарналарының мүмкіндігін пайдаланды. Олар Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан. Бізде "Ел арна" мен "Балапан" телеарналары қашықтан оқу кезінде жақсы жұмыс атқарды. Қысқа уақыт ішінде оқушылар үшін бейнесабақтар әзірледі. Менің ойымша, өзіміздің білім телеарнасын құратын кез келген сияқты", - деді ол мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Әбенов карантин кезінде шоу-бизнес өкілдері емес, мұғалімдер жұлдызға айналғанын атап өтті. Айтуынша, оларды көшеде бәрі таниды, пандемия бүкіл елді үздік мұғалімдермен таныстыруға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, коронавирусқа байланысты төртінші тоқсанды оқушылар мен студенттер қашықтан оқыды.

Жаңалықтар
0