НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жоспардан тыс профилактикалық жұмыстарға байланысты көлік құралдарын тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми ақпаратқа сәйкес, техникалық үзіліс үш жарым сағатқа – бүгін таңғы сағат 9:00-ден 12:30-ға дейін жалғасады. Осы уақытта құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелеріне профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Сол себепті көлік құралын тіркеу қызметі барлық ХҚКО-ларда, сондай-ақ, "электронды үкімет" порталында жұмыс істемейді.
ІІМ әкімшілік полиция комитеті техникалық қолайсыздықтарға байланысты кешірім сұрайды.
Профилактикалық жұмыстардан кейін көлікті тіркеу қызметі қайта қолжетімді болады.
Оқи отырыңыз: Жүргізуші куәлігін беру қызметі жетілдірілді
Жақында eGov.kz порталында көлік жүргізу куәлігін беруге арналған қызмет жетілдіріліп, қосымша функциялар іске қосылған болатын. Енді жеке тұлғалар құжаттың мерзімі аяқталғанда, сондай-ақ, атын, тегі мен әкесінің атын ауыстырса, осы қызметті онлайн түрде пайдалана алады.