Қоғам

Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді

© REUTERS / FABRIZIO BENSCHРебенок и девушка моют руки
Ребенок и девушка моют руки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 мамырда инфекция табылған науқастардың 24%-і ауруханаға өзі жүгінген. Науқастардың 70%-і – профилактикалық тексеруден өткен кезде анықталды

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері соңғы күндері инфекция жұқтырғандар санының не себепті көбейгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, науқастар санының артуы ең алдымен коронавирусқа тексеру жұмыстардың қарқынды жүргізілгенімен байланысты.

"Біріншіден, коронавирусқа қатысты профилактикалық мақсатта тексеру саны артты. Екіншіден, жабық ұжымдардағы вирус жұқтыру жағдайы көбейді. Ал үшіншіден, ауруханаға жүгінетіндер санының артуымен байланысты", - деді бас санитар дәрігер.

26 мамырда инфекция науқастардың 70%-і – профилактикалық тексеруден өткен кезде анықталған, 24%-і ауруханаға жүгінген, 6% - басқа елден келгендер арасынан анықталды.

"Кеше (25 мамыр – Sputnik) республикада 438 жағдай тіркелді, оның ішінде 88%-і – профилактикалық тексеруден өткен, 10%-і ауруханаға жүгінген және 8 жағдай басқа елден келгендер арасынан анықталды", - деді Есмағамбетова.

Алматыдағы зират төңірегіндегі дау

Айжан Есмағамбетова Алматы маңындағы коронавирустан қайтыс болғандарға арналған зиратқа 32 адамның жерленгеніне қатысты пікір білдірді.

"Коронавирустан қайтыс болғандарға арнайы талап қоймаймыз. Бірақ Алматы қаласының шұғыл штабы коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін Алматы облысы Қараой ауылындағы зиратты бөлді. Бүгінгі күні Алматыда коронавирустан 10 адам қайтыс болған", - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарға арналған зиратта 32 адам жерленген. Қалада инфекциядан 10 адамның қайтыс болғаны белгілі.

Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда COVID-19 диагнозымен 32 адам көз жұмды. 22 адамның өліміне басқа аурулар себеп болды. 

"Қалада COVID-19 инфекциясынан 10 адам көз жұмды. Қалғандары – КВИ диагнозы бар адамдар. Алматыда осындай 22 адам бар", - деп түсіндірді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Алматыдағы коронавирус 

26 мамырдағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекцияы 2 276 адамда табылды,  ішінде 1 276 науқас сауығып шықты, 10 адам көз жұмды. Ел бойынша COVID-19 инфекциясы 8 969 адамнан табылды.

 

Жаңалықтар
0