Қоғам

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 миллион гектарға егіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинСельхозтехника, архивное фото
Сельхозтехника, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр дәнді дақылдар алқабы 14,9 миллион гектар болатынын атап өтті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 миллион гектар алқапқа егу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 9,6 миллион гектарға себілген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 миллион гектар алаңға егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп", - деді Омаров үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Министр Сұлтанов азық-түліктің неге қымбаттайтынын айтты 

Импорттың орнын басу үшін егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылып отыр.

Осылайша, биыл майлы дақылдар алаңы 122,2 мың гектарға, көкөніс дақылдары – 10 мың гектарға, бақша дақылдары – 1,5 мың гектарға, картоп – 7,8 мың гектарға, азықтық дақылдар – 308,6 мың гектарға, қант қызылшасы 2,4 мың гектарға ұлғаяды.

Министрдің айтуынша, дәнді дақылдар алқабы 14,9 миллион гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем.

Омаров көктемгі егіс науқанына да тоқталды.

"Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы дақылдары республиканың барлық аймағында егіліп жатыр. Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 9,6 миллион гектарға немесе жоспарланған алаңның 65%-не, майлы дақылдар 2,3 миллион гектарға (76%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 400 мың гектарға (85%), қант қызылшасы 20,5 мың гектарға (93%), мақта 118 мың гектарға (100%), көпжылдық шөптер 352 мың гектарға (100%) егілді", -деді ол.

Оңтүстік облыстарда, сондай-ақ Ақтөбе және Атырау облыстарында егіс жұмыстары аяқталуға тақау.

Министрдің айтуынша, синоптиктер мамырдың үшінші онкүндігі жаңбырлы болады деп болжап отыр. Негізінен, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жауын-шашын түседі.

Осыған байланысты Омаров шаруаларға егіс науқанын уақытылы аяқтау үшін әрбір жаймашуақ күнді барынша жемісті пайдалануға кеңес берді.

Жаңалықтар
0