Инфографика

"5-10-20" бағдарламасының шарттары

Жазылу
Қазақстанда "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспана беріледі. Үкіметке 2020 жылдың шілде айына дейін жобаны жүзеге асыру механизмін әзірлеу тапсырылды. Бағдарлама шарттарымен Sputnik Қазақстан инфографикасынан таныса аласыз

Аталған бағдарлама бойынша үй алуда отбасылық табыс көлемі мен күнкөріс шегінің санаты зор маңызға ие. Отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері 3 күнкөріс шегінен аспаса, онда олар "5-10-20" бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. 

Пилоттық жобаға жергілікті атқарушы орган есебінде пәтер кезегінде тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Олардың соңғы бес жылда баспанасы болмауы шарт.

"5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.

Жаңалықтар
0