НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 438 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өсім 5,1% болғанын хабарлады.
Өңірлер бойынша:
- Алматы қаласы – 75 (3,4%),
- Шымкент қаласы – 69 (11,3%),
- Қарағанды облысы – 67 (11,3%),
- Нұр-Сұлтан қаласы – 56 (3,4%),
- Жамбыл облысы – 51 (17,5%),
- Батыс Қазақстан облысы – 38 (9,2%),
- Атырау облысы – 32 (3,6%),
- Түркістан облысы – 17 (5,4%),
- Алматы облысы – 12 (4,2%),
- Қызылорда облысы – 8 (2,4%),
- Қостанай облысы – 5 (4,1%),
- Маңғыстау облысы – 5 (3,0%),
- Ақтөбе облысы – 2 (0,7%),
- Ақмола облысы – 1 (0,7%).
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 8969. Індеттен 4 515 адам жазылып шығып, 35 адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев