Қоғам

Балаларды қауіпті жағдайда тасымалдаған павлодарлық жүргізушілер жазаланды – видео

© REUTERS / MARIYA GORDEYEVAМужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы
Мужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік жүргізушілері анықталып, тиісті заң шеңберінде жазаланды. Сондай-ақ, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желілерде қозғалып бара жатқан көлік терезесінен басын шығарып алған балалар түсірілген видео тарады. Оқиға Павлодар облысында болған, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Instagram желісіне жүктелген видео облыс полицейлерін бей-жай қалдырмады. Ол жерде балалар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарған.

Бұл жағдайдың бірі Ақсу қаласында болды. "BMB" автокөлігінің терезесінен балалардың басын шығарып отырғаны видеоға түсіп қалды, баланың бірі алдыңғы жолаушы орындығында отырған. 

Тағы бір дерек Павлодар қаласында тіркелді. Видеода "Тойота" автокөлігінің терезесінен кәмелетке толмаған екі қыздың шығып отырғаны көрінеді. Көлікті 39 жастағы әйел айдаған.

"Көлік жүргізушілеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлімі ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.

Оларға 5 айлық есептік көрсеткіш (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынып, жол ережесін сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды

Жаңалықтар
0