Әлем

Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

© REUTERS / RITZAU SCANPIXМедик в палате интенсивной терапии в госпитале с коронавирусом
Медик в палате интенсивной терапии в госпитале с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
5 мамырда елге белгілі қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаевтың денсаулығы нашарлап, ауруханаға жатқызылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қырғызстанда парламенттің (Жогорку Кенеш) экс-спикері, қоғам қайраткері Мұқар Шолпанбаев 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қырғызстанның республикалық штабы.

5 мамырда Мұқар Шолпанбаев Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оған коронавирус диагнозы қойылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Дәрігерлер COVID-19 инфекциясы салдарынан ер адамның бойында екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі және тағы басқа сырқаттардың пайда болғанын атап өтті.    

Сондай-ақ ол жүрек, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен қатар ауырған.  

"Шолпанбаев ауруханаға 5 мамырда түсті. Денсаулығының нашарлауына байланысты жан сақтау бөліміне ауыстырылды, ал бүгін, сағат 12:10-да реанимациялық шараларға қарамастан қайтыс болды", - деп жазылған республикалық штабтың хабарламасында.

Мұқар Шолпанбаев 1995-1996 жылдары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің спикері қызметін атқарды, Қырғызстан парламенті экс-спикерлері қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.

Қырғызстандағы коронавирус

Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда коронавирус инфекциясын 1443 адам жұқтырды. Елде індеттен 15 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0