Елорда тынысы

Жаңа қаулы: астаналықтарға карантинде не істеуге рұқсат етілді, ал неге тыйым салынды

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар Нұр-Сұлтанда 25 мамырдан жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева халық арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шаралар туралы жаңа қаулы қабылдады.

Карантин кезінде астаналықтарға не істеуге рұқсат етілді

  • 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде маска киіп, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
  • аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауға міндетті түрде маска киіп, 3 адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
  • 1.3. саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
  • қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маска, қолғап киіп жүру және антисептик пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау керек;
  • жеке, қызметтік автокөлікті және таксиді шектеусіз пайдалануға рұқсат етіледі, тек такси және қызметтік көлік жүргізушілері міндетті түрде маска, қолғап киіп, тері антисептиктерін пайдалануы қажет;
  • 50 адамдық орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі, көрші үстелдердің шеткі орындары арасындағы әлеуметтік қашықтық 2 метрден кем болмауы керек;
  • санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен карантиндік режимді сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, ересектерге арналған үйірмелердің (жеке сабақтар немесе 5 адамнан аспайтын топтар) қызметіне рұқсат етіледі;
  • діни нысандардың (мешіттер, соборлар, шіркеулер, синагогалар) қызметіне рұқсат етіледі, бірақ бір сәтте кіретін адамның саны 50-ден аспауы тиіс және 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы шарт. Келушілер әр түрлі есіктен кіріп, шығуы керек.

Нұр-Сұлтанда карантинде не істеуге тыйым салынды

  • ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанат залдарының жұмысына тыйым салынады;
  • отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар өткізуге, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге тыйым салынады;
  • COVID-19 індеті таралуының толық төмендеуіне дейін түнгі клубтар, фитнес-клубтар мен залдар, тренажер залдары (орталықтары), СПА-салондар, массаж кабинеттері, косметологиялық кабинеттер, клиникалар мен орталықтар, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту орталықтары, білім беру орталықтары, үйірмелер және т. б.), компьютерлік клубтар, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар және т. б.) қызметіне тыйым салынады. Тек Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларын ұлттық құрама командаларды олимпиадалық және паралимпиялық ойындарға даярлау үшін ғана пайдалануға болады;
  • Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жүзетін серуендеу кеме құралдардың жұмысына тыйым салынады;
  • көше саудасының кез келген түріне тыйым салынады;
  • адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін балдар, кештер, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салынады;
  • кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынады.

Соңғы деректерге сүйенсек, республика бойынша коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 8 322 адамға жетті, оның 4 214-і емделіп шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында соңғы тәулікте 58 адамнан коронавирус табылды.

Жаңалықтар
0