Өңірлер

Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Социальные сети
Социальные сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысындағы Қаратау қаласында болған жағдайдың видеосы жуырда әлеуметтік желілерде тарап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысының полициясы жол ережесін бұзған кортеж қатысушыларына айыппұл салды.

Видео жуырда әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Көліктерде әскерден оралған жігіттер отырған. Олар жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзып, үйге оралғанын атап өтті, деп хабарлады Polisia.kz.

Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кортежде Mercedes және Volkswagen маркалы көліктер болғанын анықтады.

Жүргізушілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) жауапкершілікке тартылды.

Оған сәйкес, екі айлық есептік көрсеткіш (5 556) көлеміндегі айыппұл төлейді.

Бұдан бөлек, 593-баптың 1-бөлігіне сәйкес (жол жүру ережесіндегі жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) жаза қарастырылған.

Айыппұл мөлшері - 5 АЕК (3 890 теңге).

Кортеж қатысушыларының бірі 19 жастағы жігіт енді жол ережесін бұзбайтынын жеткізді.

Жаңалықтар
0