Өңірлер

Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған науқас қайтыс болды

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуПациент перед операцией, архивное фото
Пациент перед операцией, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің коронавирустан бөлек бірнеше ауруы болған. Вирустың науқас денсаулығының нашарлауына әсер етіп-етпегенін комиссия шешеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған науқас қайтыс болды. Оның вирустан бөлек бірнеше созылмалы ауруы болған, деп хабарлады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.

"Әйел жұқпалы аурулар госпиталінде бір тәулік қана болды. Кенеттен палатада денсаулығы нашарлап кетті. Дәрігерлер реанимациялық шаралар жасады. Алайда пациенттің жүрегі тоқтап қалды. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы болған", - деп жазады "Мой город" порталы.

Оның айтуынша, пациентте коронавирус анықталған. Алайда бірнеше созылмалы ауруы болған. Жүрек-қантамыр дертіне шалдыққандар есебінде тіркелген. Науқастың өліміне коронавирустың әсер етіп-етпегенін комиссия шешеді.

Пандемия бастағалы Ақтөбе облысында 252 адам ковид жұқтырған. 63 адам стационарда жатыр. Екеуі жансақтау бөлімінде екені айтылды. Науқатардың 17-сі бала, 10-ы емделіп шықты.

Барлығы елде 7 919 адамда коронавирус расталды, 4 096-сы емделіп шықты, 35 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0