НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Елорданың білім басқармасы биыл балаларға арналған жазғы демалыс қала сыртындағы лагерьлерде ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атап айтқанда, "Арман" туристік сауықтыру кешені, "Боровичок" сауықтыру лагері, "Батыр" шатырлы лагері және "Тұлпар" киіз үй лагері жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Министрлік биыл оқушылар жазғы демалысқа қашан шығатынын хабарлады
"Жазғы демалысқа жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары жіберіледі. Сонымен қатар, оқушылар сарайы жанындағы жазғы демалыс академиясы ашылады", - деді басқарма басшысы Шолпан Қадырова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, Балаларды қорғау күніне орай республикалық акция ұйымдастырылады. Оның ұраны – "Барлығы балалар үшін!". Ал Инстаграм әлеуметтік желісінде заңгерлер, психологтар, құқық қорғаушылар мен білім саласының мамандары тікелей эфир арқылы кеңес береді.