НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам жалға алған гаражды синтетикалық есірткі жасайтын зертханаға айналдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Зертхананы тінту барысында шамамен 500 гр "A-PVP" синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магниттік араластырғыш, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ, психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар мен 70 литр прекурсор алынды.
Тағы оқыңыз: ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады
Бұдан бөлек, шамамен 2,5 келі психотроптық зат салынған 5 қалташа табылып, тәркіленді.
"Жүргізілген шаралар барысында заңсыз айналымнан 3 келідей "А-PVP" психотроптық заты тәркіленді. "Қара нарықта" оның құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.